JAC ILBERS

Қазақстандық JAC халықаралық марапатқа ие болды

Қазақстандық JAC халықаралық марапатқа ие болды

Allur компаниялар тобының құрамына кіретін JAC MOTORS QAZAQSTAN 2024 жылдың қорытындысы бойынша JAC брендінің ең үздік дистрибьюторы атанып, халықаралық деңгейдегі ең жоғары марапатқа ие болды.

Аталған марапат 2025 жылғы 18–21 сәуір аралығында Қытайдың Хэфэй қаласында өткен серіктестер конференциясы аясында табысталды. Бұл шараға 100-ден астам ел мен аймақтардан өкілдер қатысты. Мұндай жоғары баға қазақстандық өкілдіктің брендтің шетелдік серіктестері арасында тұрақты және сенімді позицияға ие екенін айғақтайды.

Марапат негізгі көрсеткіштердің тұрақты өсуі, дилерлік желінің кеңеюі, сату көлемінің артуы және клиенттерге көрсетілетін сервистің сапасын жақсартқаны үшін берілді.

2024 жылы Allur компаниялар тобына кіретін JAC MOTORS QAZAQSTAN сенімді өсімді көрсетті: сатылым 56,7%-ға артып, 11 771 автокөлікке жетті. Бұл көрсеткіш брендтің Қазақстандағы ең көп сатылатын алдыңғы бес автокөлік маркасының қатарына енуіне мүмкіндік берді.

JAC-тың дилерлік желісі де айтарлықтай кеңейді — бір жылдың ішінде 40,9%-ға кеңейіп, еліміз бойынша 31 дилерлік орталыққа жетті. Бұл бренд автокөліктерінің қолжетімділігін арттырып, өңірлердегі клиенттер үшін сервистік қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік берді.

Басты марапаттан бөлек, компания бірқатар халықаралық жүлделерге де ие болды:

  • Corporate Client Development Award – корпоративтік сатылымдарды дамыту және клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатудағы кешенді жұмыс үшін берілді;

  • The Product Business Operation Award 2025 – Passenger Cars - жеңіл автокөлік модельдік қатарын табысты басқару үшін берілді;

  • JAC Qazaqstan қосалқы бөлшектер департаменті сатудан кейінгі қызмет көрсетуді дамытуға және сервис сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін арнайы марапатқа ие болды.

JAC MOTORS QAZAQSTAN алдағы уақытта да дилерлік желіні дамыту, сату көлемін арттыру және клиенттік тәжірибені жақсарту бағытындағы стратегияны жалғастырып, JAC брендінің Қазақстандағы орнықты қатысуын нығайта бермек.

Басқа жаңалықтар

Қазақстанда JAC JS5 жаңа кроссовер сатылымы басталды

Қазақстанда JAC JS5 жаңа кроссовер сатылымы басталды

Бұл туралы Қазақстанда JAC брендінің ресми дистрибьютерінің, Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan компаниясының таныстырылымынан белгілі болды.
Жаңартылған лифтбек JAC J7 Plus. Қазақстанда әлеуетті бестселлердің бағасы хабарланды

Жаңартылған лифтбек JAC J7 Plus. Қазақстанда әлеуетті бестселлердің бағасы хабарланды

Жаңа үлгінің шыққаны туралы брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan компаниясының тұсаукесерінде белгілі болды.
Қазақстанда жаңа JAC JS4 кроссоверінің тұсаукесері өтті!

Қазақстанда жаңа JAC JS4 кроссоверінің тұсаукесері өтті!

Алматыда жаңа JAC JS4 моделінің тұсаукесері өтті. Автокөлік JAC модельдер желісіндегі мүлдем жаңа дизайн мен стильдің соңғы тұжырымдамасын көрсетеді.
Толықтай электрлі JACe-JS4 қазір Қазақстанда!

Толықтай электрлі JACe-JS4 қазір Қазақстанда!

Қазақстандық электромобиль нарығы байып келеді: JAC брендінің ресми дистрибьюторы тартымды дизайнды, заманауи технологияларды және қолжетімді құнды біріктіретін жаңа JAC e-JS4 электромобилін таныстырды.
JAC Motors Qazaqstan 2023 дилерлік конференциясы

JAC Motors Qazaqstan 2023 дилерлік конференциясы

Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы құрамындағы JAC Motors Qazaqstan ресми дистрибьюторы 2022 жылдың қорытындысын 5 сәуірде Бурабай көлінің жағасында өткен бірінші дилерлік конференциясында баяндады.
Автограф сессия с Асу Алмабаевым от бренда JAC 01.06.2025

Автограф сессия с Асу Алмабаевым от бренда JAC 01.06.2025

Жаңа JAC JS8 отбасылық кроссовері Қазақстан нарығына ұсынылды

Жаңа JAC JS8 отбасылық кроссовері Қазақстан нарығына ұсынылды

Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін, Қазақстандағы брендтің ресми дистрибьюторы JAC Motors Qazaqstan компаниясы 19 қыркүйекте салтанатты тұсаукесерде JAC JS8 жаңа кроссоверін ұсынды.
Төмендетілген мөлшерлеме бойынша лизинг

Төмендетілген мөлшерлеме бойынша лизинг

JAC Motors Qazaqstan заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге JAC автокөліктерін лизингке алуды ұсынады.
JAC Қазақстанда 10 жыл: өсу, сенім және алға қадам басу онжылдығы

JAC Қазақстанда 10 жыл: өсу, сенім және алға қадам басу онжылдығы

2025 жылы JAC бренді Қазақстан нарығына шыққанына 10 жыл толады.
JAC S3 проехал без капитального ремонта более 1 млн км!

JAC S3 проехал без капитального ремонта более 1 млн км!

Владельцем автомобиля с почти вечным двигателем является Берик Абельдинов, старший инспектор ДП Костанайской области.
JAC рейтингтерді жаулап алуда!

JAC рейтингтерді жаулап алуда!

JAC қытайлық автомобиль брендтері арасында сату көлемі мен танымалдығы бойынша жетекші орынға ие
Новый JAC RF8 презентовали в Алматы

Новый JAC RF8 презентовали в Алматы

Премиум салоны бар Минивэн: JAC Rf8 Алматыда таныстырылды

Сервиске жазылу

Бізбен байланысу

Қолдау қызметі

Қолдау қызметі

Тест-драйвқа жазылу

Тест-драйвқа жазылу

Сервиске жазылу

Сервиске жазылу