JAC ILBERS

Жаңартылған лифтбек JAC J7 Plus. Қазақстанда әлеуетті бестселлердің бағасы хабарланды

Жаңартылған лифтбек JAC J7 Plus. Қазақстанда әлеуетті бестселлердің бағасы хабарланды

Жаңа үлгінің шыққаны туралы брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan компаниясының тұсаукесерінде белгілі болды.

Жаңартылған JAC J7 Plus – ең талапшыл жүргізушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи және технологиялы автомобиль. Стиль, жайлылық пен қауіпсіздіктің үйлесімі оны сенімді әрі тартымды автомобиль іздеп жүрген Қазақстан тұрғындары үшін тамаша таңдау етеді.

«Мұз бен жалын» деген үлгінің слоганы оның тыныштық пен қуаттылықты жарасымды үйлестіріп, жолда қайталанбас бейне жасайтын бірегейлігін ерекше көрсетеді.

Лифбек заманауи дизайнымен және басқыншы сипатымен ерекшеленеді. Автомобильдің алдыңғы бөлігі X-тәрізді радиатор торы мен аэродинамикалық алдыңғы бамперге ие болды. Әрбір фарада 142 жарықдиодты көздерден тұратын толық жарықдиодты оптика жол бойында жарықтың дәл таралуын қамтамасыз етеді. Күндізгі жүріс шамдары автомобильдің бүкіл енімен өтетін жарықдиодты жолақпен біріктірілген, бұл мұзды жарқылмен ұқсастырылады.

J7 Plus пішіні қатып қалған жалын тілдеріне ұқсайтын шапшаң сызықтармен және 18’’ жеңіл қорытпа дискілермен ерекше көрсетілген. Айналар жарықдиодты бұрылыс қайталауыштарымен, электр реттеумен, жылытумен және автоматты түрде жиналмалы электр жетекпен жабдықталған. Автомобильдің артқы бөлігі қайта жасалған жарықдиодты шамдар мен қосарланған газ шығару жүйесіне, жүксалғыш қақпағының электр жетегіне ие болды.

JAC J7 Plus ішінде бүйірлік тірегі мен жылытуы бар алдыңғы анатомиялық спорттық орындықтары қарсы алады. Көп функциялы былғары меңгерік диагоналы 7'' және 10,4'' аспаптар панелімен және Bluetooth, Apple CarPlay мен Android Auto қолдайтын мультимедиа жүйесімен әрекеттесуге мүмкіндік береді. Беріліс қорабының селекторы джойстик түрінде жасалған, ал PM ең ұсақ бөлшектерін сүзгілеуі бар климат-бақылау жүйесі тамаша микроклиматты құра отырып, салонда таза ауаны қамтамасыз етеді.

JAC J7 Plus капотының астында қуаты 174 а.к. және айналу сәті 300 Нм тікелей жанармай бүркуі бар 1,5 литрлік турбо қозғалтқыш орнатылған. Ол 6 сатылы роботтандырылған беріліс қорабымен бірге жұмыс істейді. Жүрістік бөлігінің алдыңғы жағында MacPherson типті тәуелсіз аспасы және артында көп иінтіректі аспасы бар, бұл жолда тегіс және тұрақты жүруді қамтамасыз етеді.

JAC J7 Plus жүргізуші мен жолаушыларды мұз қалқан сияқты қорғайтын озық белсенді және енжар қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Жиынтыққа тартымды бақылау (TCS), бағыт тұрақтылығын бақылау (ESC), соқыр аймақтар мониторингі (BSD), артқы соқтығыс туралы ескерту (RCW) және көлденең бағыттағы қозғалыс туралы ескерту (CTA) жүйелері кіреді. Автомобиль алты қауіпсіздік жастықтарымен және ISOFIX стандартты балалар креслоларына арналған бекіткіштермен жабдықталған.

JAC J7 Plus Қазақстанда қазірдің өзінде екі жинақталу нұсқасында қолжетімді:

- Luxury – бағасы 9 390 000 теңге. Толығымен жарықдиодты оптиканы, 17’’ жеңіл қорыптпа дискілерді, жайлы кіру жүйесі, панорамалық шыны төбені және басқа да көптеген опцияларды қамтиды.

- Flagship – бағасы 9 790 000 теңге. Жоғарыда аталған опциялардан басқа, жүксалғыш қақпағының электр жетегі, 8 аудио жүйесі динамигі, белсенді қауіпсіздік жүйелері және 18’’ жеңіл қорыптпа дискілері қосылған.

Басқа жаңалықтар

JAC халықаралық деңгейде мойындалды

JAC халықаралық деңгейде мойындалды

JAC Motors Qazaqstan үш беделді номинация бойынша марапатталды
Қазақстанда JAC JS5 жаңа кроссовер сатылымы басталды

Қазақстанда JAC JS5 жаңа кроссовер сатылымы басталды

Бұл туралы Қазақстанда JAC брендінің ресми дистрибьютерінің, Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan компаниясының таныстырылымынан белгілі болды.
JAC жаңа дәуірге қадам басуда

JAC жаңа дәуірге қадам басуда

Қазақстандағы брендтің 10 жылдығына орай JAC жаңартылған логотипі мен визуалды стилін ұсынады.
Толықтай электрлі JACe-JS4 қазір Қазақстанда!

Толықтай электрлі JACe-JS4 қазір Қазақстанда!

Қазақстандық электромобиль нарығы байып келеді: JAC брендінің ресми дистрибьюторы тартымды дизайнды, заманауи технологияларды және қолжетімді құнды біріктіретін жаңа JAC e-JS4 электромобилін таныстырды.
JAC модельдер қатарындағы жаңа флагмандық кроссоверінің Қазақстандағы премьерасы!

JAC модельдер қатарындағы жаңа флагмандық кроссоверінің Қазақстандағы премьерасы!

Алматыда JAC JS6 жаңа прогрессивті кроссоверінің тұсаукесері өтті.
JAC T9 сатыла бастады: Қостанай қаласында"Jańa Dala/Green Day '2024" шарасында жаңа пикап көліктің тұсаукесері өтті

JAC T9 сатыла бастады: Қостанай қаласында"Jańa Dala/Green Day '2024" шарасында жаңа пикап көліктің тұсаукесері өтті

Қазақстандық Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan-ның ресми дистрибьюторы JAC T9 пикап көлігінің сатылымының басталғаны туралы хабарлады.
JAC фирмалық жабдықтары-сенімділік және практикалық!

JAC фирмалық жабдықтары-сенімділік және практикалық!

Кунг жүкті элементтерден қорғайды және сіздің көлігіңіздің жұмысын жақсартады.
Жаңа JAC JS8 отбасылық кроссовері Қазақстан нарығына ұсынылды

Жаңа JAC JS8 отбасылық кроссовері Қазақстан нарығына ұсынылды

Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін, Қазақстандағы брендтің ресми дистрибьюторы JAC Motors Qazaqstan компаниясы 19 қыркүйекте салтанатты тұсаукесерде JAC JS8 жаңа кроссоверін ұсынды.
"Төлемдерді кейінге қалдыру" кредит бағдарламасы

"Төлемдерді кейінге қалдыру" кредит бағдарламасы

"Төлемдерді кейінге қалдыру" кредит бағдарламасы Сізге қалған төлемді кейінге қалдыра отырып, автокөлікті кредитке сатып алуға мүмкіндік береді.
JAC рейтингтерді жаулап алуда!

JAC рейтингтерді жаулап алуда!

JAC қытайлық автомобиль брендтері арасында сату көлемі мен танымалдығы бойынша жетекші орынға ие
В Нур-Cултане состоялся тест-драйв автомобилей бренда JAC Kazakhstan S5

В Нур-Cултане состоялся тест-драйв автомобилей бренда JAC Kazakhstan S5

В Нур-Cултане состоялся тест-драйв автомобилей бренда JAC в рамках международной выставки Futuroad Expo Astana и Automechanika Astana 2021
Новый JAC RF8 презентовали в Алматы

Новый JAC RF8 презентовали в Алматы

Премиум салоны бар Минивэн: JAC Rf8 Алматыда таныстырылды

Сервиске жазылу

Бізбен байланысу

Қолдау қызметі

Қолдау қызметі

Тест-драйвқа жазылу

Тест-драйвқа жазылу

Сервиске жазылу

Сервиске жазылу